Бұған дейін былғары қолғап шебері кәсіби рингтегі тоғыз кездесуін жеңіспен аяқтаған еді
Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақ боксшысы Уәлихан Бейсенқұлов (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.Ол Мәскеудегі Korston Club-тағы бокс кеші аясында жекпе-жекке шыққан. Бейсенқұлов бұл кездесуде жергілікті бокшсы Артуш Саркисянмен (5-7, 3 КО) титул үшін жұдырықтасуы тиіс еді. Он раундтық жекпе-жектің үшінші раундында ресейлік нокаутпен жеңіске жетті. Ол әуелі қазақстандықты нокдаунға түсіріп, артынша жағынан жойқын соққы жасаған болатын.
Осылайша Артуш Саркисян IBA Asia чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады