Қазақстанда броконьерлерге жаза күшейеді

0
98
Сурет: news.day.az

Қазақстанда браконьерлікпен күресті күшейту үшін қылмыстық заңнама күшейтілетін болады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Оның айтуынша, бір айдың ішінде “Охотзоопром” мекемесінің инспекторлары браконьерлермен күресу бойынша теориялық және практикалық арнайы оқудан өтетін болады. Мұндай орны толмас қайғылы оқиғалар қайталанбауы қажет.

“Қаныш Нұртазиновтың туыстары мен жақындарына өз атымнан және министрлік атынан қайғыра көңіл айтамын. Инспектордың артында қалған бес баласы мен отбасына барлық көмек көрсетіледі. Марқұмның жерлеу шараларын өз қолымызға аламыз”, – деді ол.

Сондай-ақ министр жараланған инспектор Самат Оспановтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз