Жеңілмеген қазақ боксшысы нокаутқа түсіп қалды – видео

0
198
Бұған дейін былғары қолғап шебері кәсіби рингтегі тоғыз кездесуін жеңіспен аяқтаған еді

Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақ боксшысы Уәлихан Бейсенқұлов (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.Ол Мәскеудегі Korston Club-тағы бокс кеші аясында жекпе-жекке шыққан. Бейсенқұлов бұл кездесуде жергілікті бокшсы Артуш Саркисянмен (5-7, 3 КО) титул үшін жұдырықтасуы тиіс еді. Он раундтық жекпе-жектің үшінші раундында ресейлік нокаутпен жеңіске жетті. Ол әуелі қазақстандықты нокдаунға түсіріп, артынша жағынан жойқын соққы жасаған болатын.

Осылайша Артуш Саркисян IBA Asia чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз