5G ұялы байланысы іске қосылмақ

0
91

4G стандартты ұялы байланысына қарағанда жылдамдығы 40 есеге артық 5G стандартты ұялы байланысы іске қосылмақ. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: Министрлік 2019 жылдың екінше тоқсанында 5G ұялы байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр. Аталған мәселеде министрлік жиіліктерді іріктеу үшін Астана, Алматы қалаларында және Ақмола, Алматы облысында жүргізуде. Жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыздандыратын 5G мобилді байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізуге бағытталған шаралар жуық арада басталады.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында бұдан бөлек;

  • 2018 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары

  • «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзекті ету мәселелерін талқыға салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз