Астанада Digital Bridge 2022 халықаралық форумы басталды

0
377
Digital Bridge 2022 халықаралық форумына келушілер.

28 қыркүйек күні Астанада EXPO көрме орталығында Digital Bridge 2022 форумы басталды.

Екі күнге жалғасатын IT жиынға әлемнің 15 елінен 200-ден аса спикер, 300-ден аса стартап қатысып жатыр.

Форумның ашылуына таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып сөз сөйледі. Іс-шараға премьер-министр, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың жетекшілері, отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Akorda.kz

“Халқының 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шалғайдағы ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталы спутник жүйесінің желісімен қамту жұмысын күшейтуі керек”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Digital Bridge 2022 халықаралық форумы өз алаңында Орталық Азия елдері технопарктерін біріктіріп, цифрлық идеяларды жүзеге асырып жатқан жандардың басын қосуға және үздік тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасап, жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Ірі технологиялық компаниялардың халықаралық және отандық сарапшылары IT әлемінің ең өзекті тақырыптарын талқылайды, IT – экспорт пен адами капиталды дамыту стратегиясы туралы әңгімелеп, үздік әлемдік тәжірибелермен бөліседі.

Конференцияға қатысушылар әлемнің ең ірі IT компанияларында тағылымдамадан өтуге ұсыныс бере алады.

Қатысушы компаниялар:

  • EPAM
  • Sergek development
  • Beeline
  • Kazdream IT холдингi
  • Documentolog
  • Tech Culture
  • АҚ “Ұлттық ақпараттық технологиялар”
  • АҚ “Қазақтелеком”
  • Mytona
  • Freedom Finance
  • Halyk Bank
  • 2GIS
  • KASPI
  • Lerna
  • ALSI компаниялар тобы
  • Glovo Kazakhstan
  • ТОО Bilim Land
  • inDriver
  • Playrix
  • – DataArt

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз