Қазақстанда әлемдегі ең ірі Alibaba электронды сауда компаниясының желісі ашылуы мүмкін. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
Министр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қыркүйектегі Қытайға сапары барысында Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отырғандығын айтты. “Мемлекет басшысының таяу күндердегі Қытай халық Республикасына сапар аясында Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отыр. Ынтымақтастық және осы жерде меншікті желісін дамыту, электронды сауда жүйесінде отандық тауарларды ілгерілету мәселесін талқылаймыз”, – деді Бақыт Сұлтанов.