“Болашақ” халықаралық бағдарламалар орталығына жаңа басшы тағайындалды

0
336
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Болашақ "Халықаралық бағдарламалар орталығының" жаңа президенті Айнұр Кәрібозова.

9 қыркүйек күні Болашақ “Халықаралық бағдарламалар орталығының” жаңа президенті болып Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова тағайындалды. Бұл туралы ақпарат орталықтың Facebook парақшасында жарияланды. 

Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова 1978 жылы туған. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын “Халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша тәмамдаған. “Болашақ” халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондон экономика мектебінің “Мемлекеттік басқару және менеджмент” мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2000-2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, “Халықаралық бағдарламалар орталығы” акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, “KazakhInvest” АҚ және “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған. Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Айта кетейік, бұл қызметте 2016 жылдан бері отырған Жанболат Мелдешов 12 тамыз күні лауазымнан босатылған болатын.

“Болашақ” бағдарламасының бұрынғы басшысы Жанболат Мелдешов.

“Болашақ” халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз