Қазақстанда мемлекеттік органдар үшін бір ғана портал жұмыс істейді, ал қалғандары жабылады. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бірыңғай сайтқа орталық мемлекеттік орган порталдары мен өңірлік әкімдік порталдары кіретін болады.
“Биыл біз мемлекеттік органдар үшін бірыңғай gov.kz интернет-порталын құрастырамыз. Жүздің орнына бір сайт. Барлық қаржыландыру жабылады және жалғыз портал аясында болады. Портал қазір тексерістен өтіп жатыр. Ол бірінші кезекте тұтынушылардың мүддесі үшін жұмыс істейтін болады. Арнайы бөлім жаңалықтардың жаңартылуын бақылайды. Осының барлығы қоғамдық сотқа шығарылады және менің ойымша бұл сәуірде болады”, – деді Абаев министрлік коллегиясының кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, бұл бүгінде мемлекеттік сайттарды ұстауға жұмсалатын миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді екен.
“Бірте-бірте екі жыл ішінде біз қалған барлық мемлекеттік сайттарды жабамыз. Бұл қаражатты айтарлықтай үнемдеу әрі сапа да өседі. Мемлекеттік органдар техникалық міндеттер үшін емес, жаңарту үшін емес, контент үшін жауап беретін болады. Министрлік екі бөлікке жауап береді: жаңалықтар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін”, – деді ол.
Министр бұл шешімнің революция екенін айтып, ақпаратқа қолжетімділікті жақсарады дейді.