Астанада ер адам газ баллонын жармақ болған

0
93
Сурет видеодан алынды.

20 ақпан күні Астанадағы “Қазмедиа орталығы” ғимаратының алдында ер адам үкімет мүшелерінің келуін талап етіп, талаптары орындалмаған жағдайда “газ баллонын жарамын” деп қорқытқан. Бұл туралы ІІМ өкілдері пікір білдірді.  

Оқиға орнын қоршап алған полицейлер сәлден соң ер адамды ұстап, полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Алдын ала дерек бойынша, полиция алып кеткен адам – Жамбыл облысының тумасы. Ол 20 жыл бойы жер телімін ала алмай келе жатқанына наразы болған.

“Ер адам ұсталды. Оны Есіл аудандық полиция басқармасына оқиғаның мән-жайын анықтау үшін алып кетті. Оның қолында газ баллоны болды, ол өзіне қол жұмсамақшы болды. Оның бұл іске баруына не түрткі болғаны тексеріліп жатыр. Ер адамның бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу болып бағаланады”, – деді ішкі істер министрінің кеңесшісі – ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз