Рүстем Құрманов «ҚазАгро» басқарма төрағасы лауазымынан босатылды

0
117

Рүстем Құрманов «ҚазАгро» басқарма төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз хабарламасында “Директорлар кеңесінің шешімімен Рүстем Жомартұлы Құрманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды”, делінген.

Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2003 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман міндетін атқарушы, жетекші маман қызметін атқарған. 2004 – 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бас маман болып қызмет істеген.

2006 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарған. 2009 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы лауазымында болған.

2011 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде департамент директоры лауазымын атқарған. 2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Департамент директоры қызметін атқарған.

2013 – 2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарған, «А» корпусы. 2015 – 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы лауазымын атқарған. 2016 – 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің атқарушы директоры – директоры қызметін атқарған.

2017 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісінің м.а., Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі ретінде еңбек еткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз