2018 жылғы Forbes нұсқасы бойынша америкалық Apple компаниясы ең құнды брендтер көшін бастады. Аталған брендтың құны 182,8 миллиард долларды құраған, деп хабарлайды журнал.
Сондай-ақ үздік 5 құнды бренд қатарына Google, Microsoft, Facebook және Amazon енді.
Forbes-тың есеп методологиясында компанияның үш жылдық кіріс мөлшері есепке алынған. Кейіннен «әр бренд өз индустриясында қандай рөл ойнайтынына» қарай аталған кірістен пайыздық көрсеткіш есептеледі. Баға-кіріс коэффициенті түпкілікті бренд құнының индексін алу үшін түсім көлеміне бөлінеді.
Сонымен, Apple брендының құны өткен жылмен салыстырғанда 8 % артқан. Google бренді 132, 1 миллиард долларға бағаланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 % жоғары. Microsoft брендінің құны 104,8 млрд долларды құраса, Facebook бренді 94,8 млрд долларды құрайды.
Amazon бренді 70,9 млрд долларды құрап, алғаш рет аталған рейтинг бойынша Coca-Cola (57,3 млрд доллар) брендінен алға шықты.
ТОП-100 рейтингіне бұған дейін тек АҚШ-та жұмыс жасайтын брендтар ғана енген еді. Forbes Alibaba және Tencent сынды қытайлық компанияларды есепке алмаған. Қорытындысында, аталған рейтингке АҚШ-тан 54 компания, Германиядан 12, Франция мен Жапониядан 7 компания енді.