АҚШ Ким Чен Ын мен Трамптың кездесуіне қатысты шешім қабылдайды

0
75
дереккөзден

Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның Сингапурге жоспарланған кездесуінің өтуіне қатысты нақты шешім келесі жұмада қабылданады. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп өзі хабарлады. Сейсенбіде Трамп Ким Чен Ынмен кездесу кейінге шегерілуі ықтмал екендігін айтқан еді.

Өзара пікір алмасу қалыпты бағытта өтпейтін болса, келіссөздердің тоқтатылуы ықтимал екендігін бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлаған еді. Помпеоның сөзінше, Солтүстік Кореямен «нашар мәмілеге» АҚШ жол бермейді. Өз кезегінде, Пхеньян америка-оңтүстік кореялық әскери оқу-жаттығулары үшін кездесуден бас тартуы мүмкін екендіктерін мәлімдеді.

Бұдан өзге БАҚ-та КХДР басшысы Ким Чен Ын Сингапурге АҚШ басшысы Трамппен кездесуге барғанында әскери төңкеріс орын алу ықтималдығынан сескеніп отыр деген ақпар тарады. The Washington Post басылымының дереккөздері таратқан ақпарға сәйкес, КХДР өкілдері кері қайту үшін Ким Чен Ынның ұшағы жанармаймен толықтай қамтылатынына кепілдік керектігін хабарлаған.

Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі 12 маусымға жоспарланған. АҚШ президенті екі тараптың кездесіп, мәмілеге келуі жаһан үшін пайдалы екендігін мәлімдеген еді. Бұған дейін АҚШ-тың билікте болған бірде-бір президенті КХДР көшбасшысымен кездеспеген.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз