Пластик бөтелке кәдеге жаратылады

0
210

Түркістан облысында полиэтилентерефталатты (ПЭТ бөтелке) қайта өңдеу және штапельдік талшық шығару зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт толықтай іске қосылған кезде 250-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Жобаның жалпы құны – $20 млн. Жыл сайын зауытта 50 мың тонна дайын өнім шығарылады.

Қазіргі таңда зауытта ПЭТ қалдықтарды жуу, кептіру және бөлшектеу бойынша өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды. 73 адам жұмыс істеп жүр. Бүгінде компания штапельдік талшық шығаруды ұйымдастыруды қолға алды.

Ресми мәлімет бойынша, жылына Қазақстанда 5-6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жиналады. Оның шамамен 150-200 мың тоннасын ПЭТ қалдықтар құрайды. Сонымен қатар, ҚТҚ-ның тек 3-5% қайта өңделеді немесе кәдеге жаратылады.

«Аталған жоба Қазақстанда алғаш рет ПЭТ қалдықтар дайын өнім – штапельді талшық шығаруға жұмсалатындығымен бірегей. Синтетикалық талшықтың бұл түрі мыжылмайды, күйіп кетпейді және көп уақыт бойы беріктігін сақтайды, гипоаллергенді қасиетке ие. Одан жасалған заттар қолмен ұстаған кезде жағымды, оңай жуылады. Сондай-ақ, өнім құрылыс қоспаларында қолданылатын болады, осылайша құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартуға жол ашады», – деді GreenTechnology Industries атқарушы директоры Клара Әбдірахманова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз