Уильям Мозер 12 ақпанда Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде тағайындайындалып, ант берді.
Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігінің Facebook парақшасында «Уильяма Мозерді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып ант қабылдауымен құттықтаймыз! Жақын арада оның келуін күтеміз», – делінген.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл лауазымға Уильяма Мозерді 2018 жылдың тамыз айында ұсынған болатын.
Мозер дипломатиялық қызметте 1984 жылдан бері жұмыс істеуде. Ол бұған дейін АҚШ-тың Украинадағы, Қазақстандағы, Египет, Суринаме және Мали елшіліктерінде жұмыс істеген.