“Білім ұйымдарының басты міндеті – балалардың денсаулығы”

0
141
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев

15 ақпан күні Л.Гумилев атындағы ЕҰУдің бас ғимаратында Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр.

Жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ҚР Парламентінің депутаттары Д.Н.Назарбаева және Б.С.Әйтімова, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің өкілдері қатысуда.

“Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – білім ұйымдарының басты міндеті. Ата-аналар осы мәселені жиі көтеріп жатыр. Құқық бұзудың алдын алу және балаларға қауіпсіз жағдай жасау мақсатында бала-бақшалардың 60%-ында, мектептердің 80%-ында бейнекамералар орнатылды. Елбасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылға дейін 100%-ға жеткізуіміз керек. Министрліктің ұсынысымен осы көрсеткіш бойынша Үкімет отырысында тұрақты түрде әкімдер есеп беріп отырады. Залда отырған облыс өкілдерінен осы айтылғанды әкімдерге жеткізулеріңізді сұраймын”, – деді министр Сағадиев.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз