2019 жылы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалалары бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметтегі кезекті отырыста мәлімдеді.
Жеңіс Қасымбек Үкіметтегі баяндамасында: «Биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдерін бастаймыз. Министрлік «Ашық аспан» жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық Келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланды.» – деді.
Бұдан бұрын, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен Жапонияға тікелей авиарейстерді ашу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.