Әлемдік танымал TikTok әлеуметтік желісі күн сайын жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Мұнда пайдаланушылар өздерінің би, музыка, әзіл және тағы да басқа өнерлері арқылы қысқа видео контент жасап, танымалдылыққа ие болады. Ал TikTok-тағы ең танымал пайдаланушы топтарының бірі – «Ванхундар» деп аталатын топ.
Ванхундар – миллиондаған ізбасарлары бар және бейнелері арқылы үлкен ақша таба алатын Қытайдағы танымал TikTok пайдаланушыларының қауымдастығына арналған жалпы атау. Олар – TikTok тікелей эфирде отырып түрлі тауарларға шолу жасап, сатумен айналысады. Мәселен, Остин Ли деген әйгілі ванхун 12 сағат бойына стримде отырып, тікелей эфир арқылы 1,7 млрд доллардың тауарын сатып жіберген.
Ал, Цзян Йилейдің кей бейнеблогтары бір күнде 74 миллион қаралым жинаған. Қазір оның 28 миллион оқырманы бар. Ол жарнамалардан табыс табады. Шанхайдағы Lily&Beauty сатушысы оған 30 секундтық жарнама үшін 22 миллион юань (шамамен 3,4 миллион доллар) төлеген. Жылына бірнеше рет Папи өз арнасындағы жарнамаларды сату үшін аукцион өткізеді.
Жалпы 2017 жылы Қытайда түрлі әлеуметтік желілердегі 100 000 жазылушыдан астам фанбазасы бар 1,5 миллионнан астам блогер бар екені білгілі болды. Ванхундар көптен бері дәстүрлі БАҚ-пен бәсекеге түсіп, пайдаланушыларға назар аудару мен ықпал етуде. Кейбіреулер табыс жағынан классикалық медианы басып озған. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тауар сатуды үйрететін түрлі курстар бар.
Weibo және iReasearch мәліметтері бойынша, 2017 жылы 1,5 миллион қытай блогерінің жалпы аудиториясы 470 миллионнан астам жазылушыны құрады (өсім жылына +20%).