Қыркүйек айында білім саласында қандай өзгерістер болады?

0
142

Қыркүйекте педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өседі, 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Осы және өзге де маңызды ақпараттармен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев президентпен болған кездесуден кейін бөлісті.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың ішінде білім саласында қатысты тағы бірнеше өзгеріс енгізілетін болады. Мәселен, жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланғанын атап өтті.

Ал техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отырғанын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз