Ержан Максим Junior Eurovision байқауында 2-орын алды

0
166
Қазақстандық жас әнші Ержан Максим.

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Польшада өткен балалар арасындағы Евровидение (Junior Eurovision) конкурсында 2-орын иеленді. Ол конкурста “Арманыңнан қалма” әнін орындаған.

Ержан Максим дауыс беруден барлығы 227 ұпай жинады. Ол әр елдегі әділқазылардан 148 ұпай (әділқазылар бағасы бойынша 1-орында болды), ал көрермендер дауысынан 78 ұпай алды.

Бұл конкурста польшалық Вики Габор жеңіске жетті – 278 ұпай. Үшінші орынды испаниялық Мелани Гарсия иеленді – 212 ұпай.

Junior Eurovision 2019 жарысының жеңімпазы Виктория Габор.

Былтырғы Junior Eurovision конкурсында Польша өкілі Роксана Венгель жеңіске жеткен. Қазақстаннан қатысқан Данелия Тулешова 6-орын алған.

Қазақстан бұл байқауға былтырдан бері қатысады.

Ержан Максимнің конкурста орындаған әні

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз