Эфиопия премьер-министріне бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы берілді

0
10
2019 жылғы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегері Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед.

Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед 2019 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Лауреаттың есімі 11 қазанда Ослода жарияланды.

Ахмедке бұл сыйлық Эфиопия мен Эритерия арасындағы қақтығысты реттегені үшін берілді.

Былтыр Эфиопия мен Эритерия билігі келісімге қол қойып, 20 жылға созылған қақтығысқа нүкте қойған.

Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына 223 адам мен 78 ұйым үміткер болған. Үміткерлердің толық тізімі мен жеңімпаздың есімі соңғы сәтке дейін құпия сақталды.

Сарапшылар сомалилік Ильвад Эльманды, ливиялық Хаджер Шарифті, гонконгтік белсенді Натан Лауды, швециялық экобелсенді Грета Тунбергті фаворит санаған.

Былтыр бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын конголық хирург Дени Муквеге мен сириялық құқық қорғаушы Надя Мурад алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз