Путин мен Зеленский алғаш рет Парижде кездеседі

0
29
Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленский. Photo: unian.info

 9 желтоқсан күні Украина мен Ресей президенті Франция астанасы Парижде кездеседі. Кездесуде Украинаның шығысындағы әскери жанжалды реттеу бойынша келісссөз өтеді. Бұл әскери жанжалда Украинаның 2014 жылдан бері 13 мыңнан астам адамы қаза болған.

Зеленский мен Путин Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Маркельдің қатысатын “норман форматы” бойынша кездеседі. Бұл – Украина мен Ресей басшыларының 2016 жылдан бергі алғашқы кездесуі. Биыл сәуірде президент болып сайланған Зеленкий Путинмен бірінші рет кездескелі отыр.

Мәскеу Украинаның шығысындағы сепаратист құрылымдар мен Киев әскери күштерінің қақтығысына тікелей қатысы бар екенін жоққа шығарып келеді. Алайда, Ресейдің сепаратистерге әскери, экономикалық және саяси қолдау көрсетіп келгені және әскери қақтығысқа Ресей күштерінің тікелей қатысы бар екені жайлы дәлелдер жиі келтіріледі.

Азаттық сайтының хабарлауынша, 2016 жылы қарашада халықаралық қылмыс соты Украинаның шығысындағы соғысты “Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық әскери жанжал” деп атайтын қаулы шығарған.

Сарапшылардың саммит қарсаңындағы болжамдарына қарағанда, Кремль ресейшіл сепаратистер бақылап отырған Украина шығысын Киевке мейлінше ықпал ететін тетікке ретінде пайдалана бергісі келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз