Қырғызстан: Түркия ішкі істерімізге араласпасын

0
140
Қырғызстан Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков.

Қырғызстан Сыртқы Істер Министрлігі Түркияның Бішкектегі елшісі Камил Фыратты шақырып нота табыстады. Министрліктен берілген хабарламада Фырат Сокулук ауданындағы Орок кентіне барғанда сынға ұшыраған.

Нотада елші Фыраттың “Қырғызстанның ішкі істеріне араласпауы керектігі” айтылған. 5 маусым күні қырғыздар мен ахыска түріктерінің арасында жанжал шыққанда Камил Фырат Орок ауылына барған. Түркия елшісінің аталмыш жерде болғандығын қауіпсіздік қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері растаған.

Қырғызстан СІМ ресми сайтында Түркия елшісіне Қырғызстанның заңдарына құрмет көрсетуі керектігін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз