Қазақстандық жас программистер халықаралық жарыстан жүлделі оралды

0
201
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушылары.

Информатика пәнінен Қазақстан құрама командасы алғаш рет Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасынан (European Junior Olympiad in Informatics) алтын, күміс және екі қола медальге ие болды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылы олимпиадаға 27 мемлекеттен 90-нан астам оқушы қатысқан. Қазақстандық команда мүшелері ұлттық жарыс қорытындылары бойынша анықталған. Команда мүшелері информатика пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Олимпиададан жүлделі оралған оқушылар:

Ван Ли (Алматы қаласындағы РФММ) – алтын медаль;
Таймас Корғанбаев (Алматы қаласындағы № 165 мектеп-лицейі) – күміс медаль;
Әділ Сұлтанов (Атырау қаласындағы облыстық мамандандырылған “Білім – инновация” лицейі) – қола медаль;
Рамазан Пердебай (Карағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты) – қола медаль.

Осы жылы European Junior Olympiad Informatics (EJOI) ұйымдастыру комитеті олимпиаданы онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз