“Болашақ” стипендиясына құжат қабылдау басталды

0
79

Қазақстандық талапкерлерге арналған “Болашақ” халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды. Құжат қабылдау осы жылдың 31 қазанына дейін жалғасады. Бұл туралы bolashak.gov.kz сайты хабарлады. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн түрде egov.kz  порталы арқылы өткізу қажет.

Биыл “Болашақ” бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандық ұсынылып отыр.

Орталықтың хабарлауынша, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U. S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген.

Пайдалы сілтемелер:

Басымдыққа ие мамандықтар тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/perechen-prioritetnykh-spetsialnostej.html

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html

Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар: https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/rekomendatsii/rekomendatsii-po-podgotovke-dokumentov.html

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз