Көпбалалы аналардың білім алуы үшін арнайы квота бөлінеді

0
96
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

“Алтын алқа” және “Күміс алқа” алған аналарға еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуы үшін арнайы квота бөлінеді. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

“Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау мақсатында “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иелеріне білім грантын тағайындау бойынша квота қарастырылады. Біз көпбалалы аналарды өнімді жұмылдыру қажет деп отырмыз. Егер мұндай ниет танытқан адамдар болса, онда олар оқуға түсе алады. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруы, шекті балл алуы қажет. Дегенмен, олардың квотасы болады және қандай да бір жеңілдетілген шарттармен жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады. Бұл ретте онлайн оқу бойынша да норма бар”, — деді министр Асхат Аймағамбетов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз