Мектеп директорлары жаңа жүйемен тағайындалады

0
110
Қазақстан оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысады. Бұл туралы 19 қарашадағы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

“Білім беруді басқару, қаржыландыру да өте өзекті проблемалардың бірі. Осыған орай 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысады. Қаржыландыру да облыстық деңгейге көтерілетін болады. Ол өңірлер мен мекемелер арасындағы білім алшақтығын азайтуға, жеткілікті деңгейде қаржыландыруға бағытталады”, – деді 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырған Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр соңғы уақытта білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібіне қатысты сұрақтар көбейіп отырғанын айтты.

“Мысалы бірқатар ұйым басшысы 20 жылдан астам уақыттан бері бір орында жұмыс атқаруда. Басқару менеджменті бойынша да бүгінгі күні шынын айту керек, сұрақтар көп және бұл мәселе сын көтермейді. Сондықтан балабақша, мектеп, колледж директорларын жаңа жүйеде тағайындайтын боламыз. Оған қоса, алдағы уақытта ротациялау арқылы ауыстыру жүйесін де қолданамыз. Заманауи талаптарға сәйкес дербес басқарудан корпоративті басқаруға білім саласы да көшетін болады”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз