Нұр-Сұлтанда “Жарқын болашақ” олимпиадасының қалалық кезеңі өтті

0
145

8 ақпанда Нұр-Сұлтандағы “NURORDA” мектеп-лицейінде “Жарқын болашақ” олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау. Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиада жалпы білім беретін оқу орындары арасында ұйымдастырылған. Қалалық  олимпиадада 7-11 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 бағыт бойынша (“Бейнелеушілер”, “Білгірлер бәйгесі”, “Жас қаламгер”, “Сөз шеберлері”, “Әнші-бұлбұлдар”) білімін сарапқа салды.

Қаңтар айынан басталған “Жарқын болашақ” олимпиадасы аудандық, облыстық, республикалық (финал)  кезеңдерден тұрады. Оған Қазақстанның 14 облысы, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан оқушылар қатысып, бақ сынайды.

Республикалық олимпидададан жүлдегер атанған оқушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындарының гранттары табысталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз