Тоқаев елордада жаңадан ашылған “Astana IT” университетін аралады

0
31
Photo: akorda.kz

20 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада осы жылы ашылған “Astana IT” ақпараттық технологиялар университетіне барды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Университетте мемлекет басшысына жоғары оқу орнының ерекшеліктері туралы мәлімет беріліп, оқу кабинеттері мен зертханалары көрсетілген. Сонымен қатар, президент университеттің алғашқы үздік студенттерімен танысқан.

“Білім беру тұрғысынан бұл университет білікті мамандар даярлайтын, беделді оқу орнына айналатынына ешқандай күмәнім жоқ. Неғұрлым жақсы білім алсаңыздар, мына қиын да алмағайып өмірден алар еншілеріңіз соғұрлым көп болады”, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз