Жыл басынан бері 74 миллион тонна мұнай өндірілді

0
60

Жыл басынан бері республикада 74,5 миллион тонна мұнай және конденсат өндірілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 4,70 пайызға артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозумбаев мәлімдеді.

Қанат Бозумбаев: Мұнай өндіру көлемі үш ірі жоба бойынша  44,3 миллион тоннаға артып, Қашағанда 10,7, Теңізде 23,4, Қарашығанақта 10,1 миллион тонна мұнай өндірілді. Мұнай экспортының көлемі 60 миллион тоннаға жетті. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,6 пайызға артқан. Мұнай өңдеу көлемі 13,5 миллион тоннаны құрады. Нарықтағы ішкі мұнай өндірісінің жағдайы тұрақты. Бүгінде жанар-жағармай тапшылығы жоқ.

Қазіргі уақытта республикада АИ 92 маркалы бензиннің орташа бағасы 155,9 теңгені құрайды. Бұл көршілес шет мемлекеттермен салыстырып қарағанда елде АИ 92 маркалы бензиннің литрі Өзбекстаннан 109,1 теңгеге, Ресейден 77,1 теңгеге, Қырғызстаннан 78  теңгеге арзанырақ. Сондай-ақ дизел отынының литрі орта есеппен 192,6 теңгені құрайды.

Министрдің айтуынша бензин мен дизел отынының отандық нарықтағы бағасының артуына көрші мемлекеттердегі жанар-жағармайдың құны әсер етуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз