Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеді

0
96
дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы Зыряновский, Аягөз, Көкпекті және Үржар аудандарында және Риддер қаласында мектеп оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы облыстың  білім басқармасына сілтеме жасай отырып Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Зыряновский ауданында таңертең ауа температурасы – 34 градусқа дейін төмендеген. Бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Риддерде ауа температурасы 24 градусқа дейін төмендеген. Алғашқы ауысымының бастауыш сыныптарына сабақ болмайды.

Аягөз ауданында ауа температурасы 31 градусқа дейін төмендеген, осы себепті бірінші ауысымның 1-9 сыныптарында сабақ болмайды.

Көкпекті ауданында таңертең ауа температурасы 27 градусқа дейін төмендеген, сол себепті бірінші ауысымның 1-11 сыныптарына, колледждегі 1-2 курстарға сабақ болмайды.

Ал Үржар ауданында ауа температусы – 33 градусты көрсетті. Алғашқы ауысымның 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз