Эр-Рияд мұнай жеткізуді қысқартады

0
91
дереккөзден

Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекет Сауд Арабиясы сұраныстың мерзімдік құлдырауына байланысты мұнай жеткізуді желтоқсанда тәулігіне жарты миллион баррельге қысқартатындарын хабарлады. Бұл туралы ОПЕК+ министрлік мониторингы комитеті отырысында Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих хабарлады.

Саудия энергетика министрі: “Халықаралық энергетика агенттігі және АҚШ-тың энергетика бойынша ақпараттық басқару агенттігі бізге қазаннан бастап мұнай жеткізу көлемін тәулігіне 1 миллион баррельге қысқарту қажеттігін хабарлады. Мұндай техникалық сараптаманы бізге кеше ОПЕК хатшылары мен бірлескен техникалық комитет жеткізді “.

Сауд Арабиясының соңғы жасаған мәлімдемесіне орай дүйсенбіде мұнай бағамы 2 %-ға артты.

Euronews ақпарына сәйкес, журналист Жамал Хашыкжының өлімінен кейін Эр-Рияд қазір дипломатиялық қысымда тұр, ал мұнайға деген жоғары құн Саудияға бюджеттік тепе-теңдікті ұстап тұруға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл шешім жаһан кеңістігіндегі  тұтынушыларға да ықпалын тигізеді, жанармайға көп ақы төлеуге тура келеді, сондай-ақ, компаниялардың көлік шығындары да арта түспек.

Дегенмен, осы жылдың қазанында Халид әл-Фалих Сауд Арабиясының мұнайды журналистің өлтірілуіне байланысты Батысқа қарсы қару деп қолданбайтындарын алға тартқан еді. Министр елдің энергетикалық саясаты әлем нарығының тұрақтылығы үшін бағытталғанын атап өтті.


дереккөзден

АҚШ-та тұрған 59 жастағы Washington Post басылымының сарапшысы, саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашыкжы 2 қазанда қалыңдығымен некеге тұру үшін бірқатар құжаттарды реттеу мақсатымен Сауд Арабиясының Түркиядағы елшілігіне бас сұққаннан кейін жоғалып кетті. Ал 19 қазанда Сауд Арабиясы журналистің қасақана өлтірілгенін мойындады. БАҚ ақпарына сәйкес, Хашыкжы Сауд Арабиясы билігін, атап айтқанда Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен-Салманды сынаған. Тек Саудияны ғана емес, сонымен қатар көршілес араб елдеріне қатысты да сыни пікірлерін ашық білдіріп отырған.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз