22 мамырда қалада нөсер жауып, қатты жел тұрды. Салдарынан құрылыс басындағы кран құлап, «Бейбітшілік және келісім сарайының» ғимараты зардап шекті. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпар келіп түспеген. Қатты дауыл салдарын тұрғындар әлеуметтік желіге жүктей бастады.
Астана әкімдігі таратқан ақпарға сәйкес, медициналық қызметке 13 тұрғын жүгінген, аса ауыр жарақат алғандар жоқ.
Сафина Саид