Ғаламшардың ең қарт тұрғыны өмірден озды

0
161
photo: TASS

2016 жылдан бастап ресми түрде ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанған, этникалық қазақ Тәнзилә Бисембеева 125 жасқа толар шағында көз жұмды. Бұл туралы Ресейдің Рекордтар кітабында хабарланды.

Ең ұзақ өмір сүрген әжей Краснояр ауданы Алча кентінде жерледі.

Тәнзилә Насиханқызы жарты жылдан кейін 125 жасқа толушы еді.

“Ол еш қиналмай өмірден озды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға кенттің барлық тұрғындары келді”, – деп хабарлады Краснояр аудандық “РГ” басшысы Нұрғали Байтеміров.

Екі ғасыр бұрын дүниеге келген Тәнзилә Бисембеева бірқатар тарихи оқиғалардың куәгері болған: револицияны, Екінші дүниежүзілік соғысты, СССР-дың құлағанын көрді. Ол отбасындағы сегіз баланың тұңғышы еді. Тәнзилә Бисембееваның үш ұлы, он немересі, 25 шөбересі және екі шөпшегі бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз