Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

0
82

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды. Елде наурыз айынан бері коронавирустан 1 711 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус инфекциясы 79 адамнан анықталған, 104 адам дерттен жазылып шыққан. Елде жалпы ауырғандар саны 107 529 адам. Жазылғандар саны 102 323 адамға жеткен.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 495 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 95 адамның ахуалы нашар, 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 228 адам анықталған. 1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 31 760 адамға жеткен, 346 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 26 805 жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз