Нұр-Сұлтанда коронавирустан екі адам көз жұмды

0
175

Нұр-Сұлтанда коронавирустан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі штаб хабарлады.

13 мамырда 1958 жылғы әйел адам және 1977 жылғы ер адам қайтыс болған. Науқастар жайлы басқа ақпарат айтылмайды. Елде COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар 34 адамға жетті.

Штабтың мәліметі бойынша, соңғы бір күнде Қазақстанда 118 адамға коронавирус жұққаны анықталған. Ең көбі Ақтөбе облысында (29 адам) тіркелген. Елде барлығы 5689 адамға вирус жұққан.

Бір күнде 123 адам жазылған. Барлығы 2531 ​адам COVID-19 ауруынан айыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз