Щучинскідегі көлік апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты

0
145
Photo: polisia.kz

15 қазанда Ақмола облысы Щучинск қаласында көлік апатынан екі учаскелік инспектор қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігінің  Polisia.kz сайты хабарлады.

Сайттың хабарлауынша, апат Щуцинск қаласындағы Абылайхан және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Абылайхан көшесімен келе жатқан Lexus NX20 Сейфуллин көшесімен келе жатқан Lada-21214 көлігін соққан. Lada – Бурабай ауданы полиция бөлімі учаскелік қызметінің көлігі болған.

“Lada-21214 қызметтік көлігінің жүргізушісі және жолаушысы – Бурабай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары. Олар жол-көлік оқиғасы орнында алған жарақаттан көз жұмды. Қаза тапқан қызметкерлер жұмыс үстінде болған және жол-көлік оқиғасы болған кезде оқиға орнынан қайтып келе жатқан” делінген ІІМ баспасөз мәлімдемесінде.

Полицияның мәліметінше, Lexus көлігінің 25 жастағы жүргізушісі мұның алдында қылмыстық кодекстің 200 (автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) және 346 (көлікті басқару құқығынан айырылған және масаң күйде көлікті басқару, сондай адамға көлік беру) баптары бойынша кінәлі деп танылып, 2022 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Оқиға бойынша тергеу басталған. Күдікті қамауға алынған. Тергеу қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармақшасы бойынша (жол жүру ережесін бұзып, абайсызда кісі өліміне әкелу) жүріп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз