Шымкентте пойыз вагоны аударылды

0
208

24 қазанға қараған түні сағат 02.31-де Шымкент қаласының темір жол станциясында №117 бағытындағы пойыздың 13 вагоны жолдан шығып, аударылған.  Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли өз facebook парақшасында мәлімдеді.

Пойыздың құрамында 21 вагон болған. Соның 13-ші вагоны жолдан шығып кеткен. Апаттан қайтыс болғандар мен зардап шекккендер жоқ. Осы оқиғадан кейін 5 жолаушы және 10 жүк пойызы сапарын жалғастыра алмай тұр.
Қазіргі уақытта оқиға орнына “ҚТЖ” АҚ-ның 200 қызметкері жұмылдырылып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Темір жолды тез арада босату үшін Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 техникасы, Шымкент станциясы ІІМ желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 техникасы жұмыс істеуде.
24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз