Тоқаев ҚР Президенті лауазымына ресми түрде кірісті

0
174

12 маусым Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Президентін ресми қызметіне кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімі өтуде.

Салтанатты іс-шара барысында Тоқаев оң қолын ҚР Конституциясына қойып, Қазақстан халқына ант берді.

-Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Конституциясы мен заңдарын қатаң ұстануға, азаматардың еркіндігі мен құқығына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы президенті деген маған артылған жоғары міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін, – деді Қ.Тоқаев.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстан Республикасы Президенті куәлігін табыстады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз