Асқар Мамин Қырғызстан сыртқы істер министрімен кездесті

0
5
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин және Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев. Нұр-Сұлтан, 29 қазан 2020 жыл. Photo: primeminister.kz

29 қазанда премьер-министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесіп, тараптар Қырғызстандағы саяси-экономикалық ахуал, қазақстандық инвестицияның қауіпсіздігін сақтау мәселесін талқылады.

Қырғыз тарабы Қазақстаннан індет қайта өршіген шақта дәрі-дәрмек, қорғаныш заттармен қамтамасыз ету бойынша жәрдемдесуін сұраған. Бюджет тапшылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу үшін қаржылай көмек беруді өтінген.

Қазақстан тарабының бұған қалай жауап бергені белгісіз. Қазақстан үкіметінің сайтында кездесу жайлы жалпы ақпарат қана жазылған.

Биыл коронавирус індетінің кесірінен Қырғызстанның мемлекеттік бюджеті 30 млрд сомға (шамамен 365 млн доллар) толмай қалған. Үкімет жетпеген қаражатты толтыру үшін халықаралық донорлардан 500 млн доллар көлемінде көмек сұрап, жартысынан көбі мақұлданған. Үкімет түскен қаражатты бюджет қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге жұмсайтынын хабарлаған.

6 қазандағы оқиғадан кейін Қырғызстанда билік толық ауысты. Президент Сооронбай Жээнбеков “ел тыныштығы үшін” қызметінен кетті. Демонстранттар талабымен қамаудан шығып, ізінше премьер-министр болған Садыр Жапаров 16 қазаннан бері президент міндетін уақытша атқарып келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз