Нұр-Сұлтанда әкелер форумы өтті

0
383

Нұр-Сұлтанда “Бүгінгі күннің әкелері” тақырыбына V-ші республикалық әкелер форумы оффлайн және онлайн форматта өтті. 

28 қазанда өткен іс-шараның мақсаты – әке институтын дамыту, отбасылық құндылықты нығайту, гендер теңдігі және жас ұрпаққа білім беру мәселелері бойынша мүдделі тараптар үшін диалог алаңын құру.

Жиынды ашқан сенат депутаты Ләззат Сүлеймен президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында әлеуметтік қолдау мен қорғауына, елдегі отбасылық-демографиялық жағдайды жақсартуына, отбасы институтына ерекше назар аударғанын, бұл балаға отбасында дұрыс тәрбие мен лайықты білім беруді, отбасының, қоғамның және елдің игілігі үшін адал өмір сүруге және жұмыс істеуге үйретуді қалай қамтамасыз ету туралы тағы бір рет ойлауға негіз екенін айтты.

” Осы жылдың қиындығына қарамастан, басты мақсатымыз ел экономикасын нығайту, азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту және жас ұрпақты тәрбиелеу болып қала береді. Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қоғамда және отбасында әкелік институттың рөлін арттыру жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады”, – деді Ләззат Сүлеймен.

Жиынды “Әкелер одағы” РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет жүргізді. Форумда “Әкелер одағы” РҚБ және “Білім-инновация” ХҚҚ 12-16 қазан аралығында “Әке жолы – ізгі жол” атты “Әкелер апталығы” онлайн режимінде өтті, сондай-ақ Instagram және ZOOM платформасы арқылы, өткізу тәжірибесімен бөлісті. Бұл іс-шара Қазақстанда “Білім-инновация” ХҚҚ және “Дарын” РҒПО, Әкелер одағы РҚБ-ның тікелей қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылды.

Апта ішінде республиканың 70-тен астам мектеп және 2,5 мыңнан астам белсенді әке байқау мен турнирлерге қатысты. Әкенің бала тәрбиесіндегі беделін арттыру, отбасылық құндылықты дамытуға серпін беретін тақырыптар талқыланды. Бұл іс-шараға 600-ден астам әке онлайн режимнде қатысты. Форумда отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығы, отбасылардың, балалардың мүдделерін қорғауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың арасында сындарлы диалог өтті. Осы бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.

“Білім-инновация” ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте және “Әкелер одағы” РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз