Солтүстік экономикалық ынтымақтастық 2020 халықаралық форумы қалай өтті?

0
428

30 қазан күні Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында “COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі” тақырыбында халықаралық форум өтті.

Форумға қатысқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

Ол 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің Қазақстанға жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған “Самал жел” бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталғанын жеткізді.

“Мен жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады, –  деді Тоқаев.

Форумға онлайн форматта Түркменстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Оңтүстік Корея елдерінің президенттері, саясаткерлері, академиялық
сауда-экономикалық блок министрлері мен ведомстволардың басшылары, денсаулық сақтау, білім беру, байланыс және жоғары технологиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке сектор өкілдері қатысты.

Түркіменстан президенті өз сөзінде Гурбангулы Бердімұхаммедов өңірлік және халықаралық деңгейде ынтымақтастықты әртараптандырудың маңыздылығын баса атап өтті.

Форумда талқыланған негізгі тақырыптар арасында
коронавирус пандемиясынан туындаған және Солтүстік экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту тұрғысында өзгерістер байқалды. Осы тұрғыда Гурбангулы Бердімұхамедовтың басшылығымен Түрікменстан сындарлы халықаралық ынтымақтастықты жақтайтынын және әлем елдері арасындағы денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайту үшін ғылыми дипломатия тетіктерін тартуға шақыратынын атап өткен жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз