Нұрлан имам АҚШ-та Джо Байденмен және қазақ диаспорасымен кездеседі

0
24

Жыл сайын АҚШ президенті қайырымдылық асын ұйымдастырады. Бүгін, Қазақстанның атынан барған Нұрлан қажы Байжігітұлы, Ақ үйде қайырымдылық асқа қатысуда.

Жиынға өзге де елдердің дін басшылары, мемлекет жетекшілері және танымал тұлғалар шақырылған. Қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналған.

Бұл астың негізгі мақсаты – әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде 8 ақпан күні Нұрлан имаммен Огайо штатында кездесу болатыны жарияланған.

Бұған дейін Нұрлан имамның АҚШ-қа баратыны туралы хабарлағанбыз: Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президентінен шақырту алды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз