Қазақстан кіші футболдан әлемнің үздік ондығына енді

0
266
Photo: Olympic.kz

Futsal World Ranking бойынша 2019 жылдың ұлттық құрама рейтингінде Қазақстан құрамасы жетінші орын алды. Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады.

Рейтингтің көшбасшысы Бразилия командасы, одан кейін Испания жайғасқан. Үшінші орын Ресей құрамасына бұйырды.

Осы жылы Қазақстан құрамасы Хорватия құрамасымен екі жолдастық матч өткізген. Каспий кубогы халықаралық турниріне, сонымен қатар, 2020 жылғы Әлем кубогының негізгі іріктеу кезеңіне қатысып, топта бірінші орын алған.

Әлем кубогының іріктеуінде Қазақстан құрамасы Румыния, Нидерланды және Албания құрамаларына қарсы шықты.

Негізгі айналымның нәтижелері бойынша Қазақстанның құрама командасы Әлем чемпионатына іріктеудің екінші кезеңіне өтті. Қазақстандықтардың қарсыласы Румыния, Словения және Чехия ойыншылары болады. Матчтар 2020 жылдың ақпан айында өтеді.

Футзалдан әлемдік рейтинг:

  1. Бразилия – 1839
  2. Испания – 1787
  3. Ресей – 1654
  4. Португалия – 1645
  5. Аргентина – 1644
  6. Иран – 1603
  7. Қазақстан – 1565
  8. Италия – 1511
  9. Украина – 1459
  10. Колумбия – 1454

16. Чехия – 1373

17. Словения – 1342

21. Румыния – 1266

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз