Қазақстанда UFC көрсететін арна іске қосылды

0
48

Қазақстанда аралас жекпе-жек көрсететін UFC TV жаңа телеарнасы іске қосылды.

“Қазақстанда UFC TV телеарнасының іске қосылғанын және UFC ірі турнирлерінің Қазақстанның ірі спорт телеарнасы Qazsport-та көрсетілетінін хабарламақпыз. Жалпы, Қазақстан – әлем картасындағы бірегей ел саналады. Бұл жерде жауынгерлік өнер мен бокс барлық уақытта да танымалдыққа әрі зор қызығушылыққа ие. Мықты спортшылары да бар. Сондықтан UFC үшін Қазақстан басымдыққа ие елдердің бірі саналады”, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында UFC вице-президенті Андрей Громковский.

UFC TV телеарнасы Ultimate fight championship немесе UFC ұйымдастыратын жекпе-жектерді көрсетеді.

“Телеарнаны TV сom (бұрынғы Caspio HD) желісінен және ақылы абоненттер үшін Otau TV желісінен табуға болады. Арна орыс тілінде хабар таратады және PPV трансляциясын қоса алғанда, UFC-де болып жатқан барлық оқиғаларды көрсетеді. Көрермендер сондай-ақ, сүйікті спортшыларының жаңа сұхбаттарын, UFC Embedded турнирлеріне дайындалу көріністерін тамашалай алады”,- деп жазды Instagram-дағы аккаунтында панкратион федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов.

Жалпы, UFC турнирлерді бір миллиардтан астам тұрғыны бар әлемнің 166 еліне 35 тілде таралады. Енді аталған елдердің қатарына Қазақстан қосылып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз