Қазақстандық палуандар Франциядан жүлделі оралды

0
91

18-19 қаңтар күндері Ниццеде (Франция) грек-рим күресінен Гран При бәсекесі өтті. Қазақстандық палуандар халықаралық додада бес медальға қол жеткізді. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

Қазақстан қоржынына алтын жүлдені 55 келіге дейінгі салмақта Аманғали Бекболатов пен 77 келіге дейінгі салмақта кілемге шыққан Демеу Жадыраев салды.

130 келіге дейінгі салмақта балуан Нұрмахан Тінәлиев күміс жүлдеге ие болса, Жансерік Сәрсенбиев (55 кг) пен Алмат Кебіспаев (67 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз