Fight Nights чемпиондығына таласқан Даурен Ермеков нокаутпен жеңілді (видео)

0
104
Даурен Ермеков
Даурен Ермеков Fight NIgths Global

Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Даурен Ермеков, ресейлік Владимир Минеевтен 3-ші раунда нокаутпен жеңілді.  

Турнирге қазақстандық 7 спортшы қатысты. Турнирде олардың төртеуі жеңіп, үшеуі жеңіліс тапты. 

  1. Султан Жолдошбек (8-1) — Грант Акопян (Ресей, 4-2)                    +
  2. Азамат Марқабаев (6-2) — Никита Балтабаев (Ресей, 7-5)             –
  3. Дархан Бакенов (1-0) — Владимир Брик (Украина, 4-5)                 +     
  4. Сәбит Жүсіпов (9-3-1) — Рилдечи Диас (Бразилия, 24-11)              +
  5. Гойти Дазаев (9-2-1) — Максим Буторин (Ресей, 15-2-1)                 +
  6. Мұратбек Қасымбай (10-2) — Мухаммед Эминов (Ресей, 12-1)    –
  7. Дәурен Ермеков (14-4) — Владимир Минеев (Ресей, 13-1-1)          –      (+ жеңіс,  – жеңіліс)    

Абдулманап Нурмагомедов 2020 жылдың 3 шілде күні коронавирустан 57 жасында дүниеден өтті. Ресей спортшысы, жаттықтырушы, еркін күрестен КСРО спорт шебері. Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан Дағыстан республикасы ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы. Дзюдо мен самбодан Украина чемпионы.

Хабиб Нурмагомедов әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз