Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Израильді жеңді

0
155
Қазақстан U-21 құрама командасы. Photo: Қазақстан футбол федерациясы.

Израиль елінің Нацерет-Иллит қаласында өткен жастар арасындағы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы 2-1 есебімен Израильді жеңді.

Бірінші таймның аяғында Елхан Астанов есепті ашып, құраманы алға шығарды. 2 таймның соңына қарай қосымша 6 минутта Итамар Шабиро есепті теңестіріп кетті. Ойын аяқталуына екі минут қалғанда қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевтың голының нәтижесінде есеп 2-1 болды. Осы жеңіс арқылы Қазақстан жастар құрамасы іріктеу тобынан шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Жалпы F тобында Қазақстан U-21 құрамасы 7 ойын өткізіп, 10 ұпаймен Испания U-21 құрамасынан кейін екінші орында тұр. Қазақстандықтар келесі ойынын 8 қазан күні өз елінде Македония U-21 құрамасымен өткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз