Еуропалық компаниялардың бірқатар бөліктеріне АҚШ салған санкциялардан кейін Ираннан кетуге тура келеді. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен бірлескен келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Меркельдің айтуынша, АҚШ санкцияларынан кейін бірқатар компаниялардың бөліктері еріксізден Иранды тәрк етуге мәжбүр. Еуропалық компаниялардың орнын қытайлық компаниялар толтыра алады ма деген сұраққа Меркель аталған сұрақтың жауабы Қытай тарабының шешімінде деген пікір білдірді, деп жазады РИА Новости.
Бұдан өзге Меркель Германия Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарын құрметтеуді жалғастыра беретіндерін мәлімдеді. Меркельдің айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасалған мәміле мінсіз емес, дегенмен, өзге нұсқалар тұрақсыздыққа әкеліп соғады.
Иран келісімшартын Трамп тәрк етті
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырда Иранның ядролық қару бойынша келісімін АҚШ-тың шешімді түрде тәрк ететінін хабарлады. Трамп Тегеранды уран байыту көздері және тыйым салынған қару-жарақ жасақтады деп айыптады. Трамп Иранға қарсы санкциялардың дереу қайтадан қалпына келуі туралы бұйрық берді.
Өз кезегінде бірқатар мемлекеттер АҚШ-тың аталған шешімін сынға алды. Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Роухани Тегеран АҚШ-тан қарағанда өз міндеттерін әрдайым бұлжытпай орындағанын алға тартты.
Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді.
Сафина Саид