Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында болашақта жаппай мұсылмандар орналастырылған кәсіби қайта даярлау орталықтары жабылуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені ауданның басшысы Шохрат Зәкір жасады, деп жазады lenta.ru.
“Лагерьлер саны ақырындап қысқаратын болады, ондағы адамдардың саны да азаяды. Егер алдағы уақытта қоғамға жаттығу лагерьлері қажет болмайтын болса, олар ақырындап жоғалатын болады”, – дейді басшы.
South China Morning Post басылымының ақпарынша Зәкір мұсылмандарға арналған лагерьлер уақытша шара ғана деп мәлімдеген Қытай билігіндегі алғашқы адам. Ол тұтқында отырғандардың нақты санын айтпады, алайда олардың миллионнан кем екенін алға тартты.
Аталған лагерьлердегі саяси қайта тәрбиелеуде шамамен миллион ұйғыр мен өзге де мұсылман халқы бар деген ақпар тарағаннан кейін халықаралық қоғамдастық бұған мойын бұрған еді. Алайда ресми Бейжің мұндай қайта тәрбиелеу орталықтары экстремизмге қарсы күресте көмек көрсетеді, әрі онда отырғандарға пайдалы іскер танымдар үйретеді деп мәлімдеді. Қайта тәрбиелеуде отырғандарға зорлық-зомбылық әрекеттері де көрсетіледі деген ақпар тарады.
Қытай билігі ұзақ уақыт бойы мұсылмандардың аталған орталықтарда ұсталатынын жоққа шығарып келді. Мұндай лагерьлердің барын Қытай 2018 жылдың қазанында ресми мойындады. Сонда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының парламентінің ресми құжаттарының бірінде онда “идеологиялық тәрбиелеумен,ойды қайта қалыпқа келтірумен, тәртіпті түзетумен және мемлекеттік тіл – қытай тілін үйренумен айналысатындарын ” алға тартты.
Бейжің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы исламды ұстанатын көптеген тұрғын арқылы Қытайға Пәкістан мен Ауғанстаннан радикалды мақсаттағы содырлар енетінін атап өтті. Қытай билігінің қолға алған бұл шаралары лаңкестікке қарсы күреске және мұсылман халқын бақылауға алуға бағытталған.
Safina Said