Женевада 10 қараша күні Дүниежүзілік сауда ұйымының тауар саудасы бойынша Кеңесінің отырысы өтті, онда жекелеген мәселе ретінде Қырғызстанның Қазақстанмен шекараға қатысты шағымы қаралды.
Қырғызстанның Экономика министрлігі арнайы баяндама жасады, ал Астана Қырғызстаннан ет, сүт және кондитерлік өнімдер тасымалын шектеді, деп хабарлайды Азаттық.
ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) тауар саудасы бойынша кеңестің отырысында Қырғызстан делегациясы отырысқа қатысушыларға өткізу бекеттеріндегі жағдай туралы ақпараттандырып, қазақстандық тараптың жүк тасымалдаушыларына жасаған «жасанды кедергілеріне» назар аудартты.
«Делегация Қазақстанның ДСҰ-ның іргелі принциптерін, атап айтқанда, ең қолайлы режимді, транспаренттілікпен қамтамасыз ету туралы ережені, сондай-ақ транзит пен теңдікке қатысты еркіндік принциптерін бұзуын атап өтті», -деп хабарлайды Қырғызстан Үкіметі.
Қырғыз тарабы ХҚҚ-ға (Халықаралық Қаржы Қорына) сілтеме жасай отырып, шекаралық бақылауды күшейтудің кесірінен экономикалық ысырап 200 млн АҚШ долларына жуық қаржыны құрағанын атап, бұл Қырғызстан экономикасының 0,3 %-ға төмендеткенін жеткізді.
Өз кезегеніде Қазақстан делегациясы аймақтық ұйымдардың кездесулерінде бірнеше мәрте айтылған жағдайды іс жүзінде қайталап, тексерулерді қатаңдату «контрабандаға қарсы», контрафактілік тауарлар, санитарлық және фитосанитарлық талаптарға байланысты екенін атап өтті.
Қырғыз делегациясы қазақстандық тараптың ұсынған барлық дәлелдеріне жауап қайтарды және ДСҰ-ға мүше мемлекеттерді жағдайды объективті бағалауға шақырды, ал Қазақстанды ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерін қатаң орындауға шақырды.
Корея, Жапония және Молдова делегациясы өз сөздерінде шекарадағы жағдайды екіжақты кездесулер барысында тез арада тұрақтандыруға шақырды.
ДСҰ отырысы бойынша Қазақстан билігінен әзірше ресми жауап жоқ.
Атап өтерлігі, бақылау бекеттерінде бақылауды нығайтудан кейін келесі аптада Қырғызстан үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа жүгінді.
Сабина Сайлаубай